Үкімет делегациясы түркістандықтармен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ,Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар Үкімет делегациясы облыс тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге көп балалы аналар, «Батыр аналар», «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері, әйелдер кеңесінің төрайымдары, мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында делегация өкілдері «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткен табысы төмен азаматтардың, әсіресе көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғыз басты аналардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық салаларын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды түсіндіріп, хабарлама жасады. Сонымен қатар, тұрғындар қойған сауалдарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.