Халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мармара және Хитит университеттерімен бірлесе отырып, профессор,доктор Фуат Сезгиннің құрметіне «Түркістанның өткені мен бүгіні: тарих, мәдениет және өркениет» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның ашылу салтанаты өтті. Жиында оқу ордамыздың Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президент Камалбек Беркімбаев пен облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев конференцияның ашылу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Мақсаты, Түркістан аймағында өмір сүрген мұсылман ғалымдарының ислам ғылымы, өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін айқындау, аймақтың негізгі ерекшеліктерін, діни, ғылыми және философиялық құндылықтарын ортаға шығару және оларды ғылыми айналымға енгізу.
Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдары жинағын басып шығару жоспарлануда. Айта кететін жайт, конференцияның ғылыми мақалалар жинағы тегін шығарылады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Аймақтың өткені мен бүгініне байланысты тарихи — мәдени құндылықтарына қатысты зерттеулер, Аймақтың өзекті мәселелеріне қатысты зерттеулер, Аймақтың әлеуеті мен мүмкіндіктеріне байланысты зерттеулер, Аймақтың ислам мәдениетіне қосқан үлесіне қатысты зерттеулер, Аймақтың дәстүрлі діни танымына қатысты зерттеулер. Жиын қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде өтіп, екі күнге жалғаспақ.