Ұлы даланың жеті қыры : Теориясы мен практикасы тақырыбында өткізілген олимпиадада студенттеріміз жүлделі оралды

2019 жылы 12 сәуір күні Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов атындағы КарМУ-де өткен 5В020300-Тарих мамандығы бойынша XI-Республикалық пәндік олимпиадада Гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Яссауи жастары» командасы жүлделі 2 орынды иеленді. Білімгерлеріміз оқуда озат, практикада білікті екендіктерін дәлелдеп келді. Өз қатарластарының алды болып, оқытушыларының сенімін ақтады. Топ құрамында 3 курс студенттері Жамал Мадияр, Айжамал Бексұлтан, Алтынбек Төребек және 2 курс студенті Сағади Әлишер олимпиадада алғырлығымен ерекшеленді. Команда жетекшісі және де топты дайындаған т.ғ.к қауымдастырылған профессор Забираш Адилбекова.