Спортшыларымыз жүлдемен оралды

Алматы қаласында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2019 жылдың сәуір айының 11-15 жұлдыздары аралығында таеквондо спорт түрінен Қазақстан Республикасының Х жазғы универсиада бағдарламасы бойынша өткен жарыста университетіміздің Өнер факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқитын 16 спортшы-студенттеріміз таеквондо (ерлер, қыздар) құрама командасы қатысып, жалпы командалық есеп бойынша жүлделі II-орынды иемденді. Додаға елімізден 15 ҚР ЖОО бақ сынап, үздіктер анықталды. Университетіміздің спортшылары үлкен жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырып келеді.