ДӘСТҮРЛІ ОЛИМПИАДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

15-16 сәуір күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасында дәстүрлі ХІ Республикалық олимпиада өтіп жатыр.
Дүбірлі дода С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректоры Г.Г. Ахметованың сөзімен басталды. Ізінше Университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама қойып, қонақтардың көңілін көтерді.
Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс және Батыс Қазақстан, сонымен бірге Алматы облыстарынан 17 команда қатысқан олимпиада екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде студенттер командасын бес минуттық бейнеролик арқылы таныстырса, екінші кезеңде 4 пән бойынша тест тапсырады. Байқау қатысушыларын Павлодарға танымал журналистер бағалайды.
Айман Әлмен