ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР — ҮШІНШІ ТҰҒЫРДА

Қазақтың киелі жерлерінің бірі Кереку төрінде болашақ журналистер арасында ХІ республикалық пән олимпиадасы өтті.
Жас қаламгерлердің дәстүрлі сайысында еліміздің 18 аймағынан 80-ге жуық студенттер қатысып, бақ сынады.
Солардың қатарында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің З студенті де бар.
Бірінші кезеңде, қойылған талапқа сәйкес әр өңірдің оқу ордалары өз сюжеттерін көрсетіп, эссе жазды.
Сол күні сайысқа қатысушылар мен қонақтар Павлодар қаласының көрікті жерлері мен мәдени-тарихи нысандарын аралап көрді.
Келесі күні жас өрендер тест тапсырып, желел ақпарат таратып, алған әсерлері бойынша тағы сюжет түсірді.
Айта кетуіміз керек, жыл сайын болашақ журналистер арасында дәстүрлі ұйымдастырылып жүрген республикалық пән олимпиадасының қазақ журналистикасының дамуына қосар үлесі мол. Бұл жерде болашақ журналистер жарыс барысында азды-көпті тәжірибелер жинақтап, шыңдала түсуіне үлкен мүмкіндік алып жүр.
Қорытындыда біздің команда үшінші орынды иеленді.