XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада жүлдегерлері

2019 жылдың сәуір айының 10-11 жұлдызында Өскемен қаласы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға Инженерия факультетінің студенттері 5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Ходжаева Гүлбахар Абайқызы, Қоғашов Аслан Әлмұратұлы, Әуесбек Дархан Әділханұлы (жетекшісі магистр оқытушысы Бегимбетова Хадиша Абдиманаповна) қатысып, командалық есепте жүлделі III- орынды иеленді және жеке есеп бойынша Қоғашов Аслан Әлмұратұлы III-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Инженерия факультетінің студенттері еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты командалардың қатарынан суырылып алға шығып, жеңіс тұғырынан көрінді, өздерінің оқу ордасының намысын абыроймен қорғап шықты. Студенттерімізді осындай жетістіктерімен құттықтай отырып, табысты да жеңісті сәттері көп болсын деп тілейміз