Меморандумға қол қойылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облыстық білім басқармасының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморондумға қол қою рәсімі өтті.
Университет президенті Болатбек Абдрасилов оқу ордамыздағы педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің жалпы санымен бөлісіп, алдағы уақытта Түркістан облысындағы білім саласын дамытуға үлес қосатынын жеткізді. Сонымен қатар білікті, жаңа бағдарламаны игерген, соңғы бағалау жүйесін меңгерген мамандар даярлау үшін бірнеше кеңестерімен бөлісті. Олар білім берудің жоғарғы мектебін құру, мектеп мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыратын курс ашу, ғылым мен инновацияны көтеру сияқты бірқатар мәселелерге тоқталды.
Шарада сөз алған «Түркістан облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басқарма басшысы Исатай Сағындықов өзінің қол қойып отырған меморондум аясында болашақ ұстаздарға өңірдегі барлық мектепте тәжірибе жинауға мүмкіндік беретінін айта кетті.
Сонымен қоса ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика , ғылымдарының докторы, профессор Уалбай Өмірбаевпен кездесу болды. Кездесу барысында математик өзінің қызығы мен шыжығы қатар жүрген өмір жолымен бөлісті. Студенттерге бірнеше кеңестер айтып, ғылым-білімге шақырды
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */