Кездесу – жас ғалымдарға үлкен сенім берді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин қонаққа келді. Жиынға оқу орда басшылығы мен доктарантурада, магистратурада білім жетілдіріп жүрген жандар қатысты. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын бірнеше жастар қонақтар қатарынан табылды. Білім ордамыздың басшысы Болатбек Абдрасилов университет туралы бірнеше мәліметтерге тоқталып өтті. Соның ішінде ғылымға деген оң көзқараста екендігін білдірді. Ғылыми қаржыландыру жұмысы 2018 жылы 35 жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда. Елбасы жобаларының бірі жастарға арналған стартаптарды студенттер арасында қолға алынғандығын атап өтті. Коммерцияландыру жүйелері кезекпен таныстырылып, мемлекеттік грантты жеңіп алған жобалар назарға ұсынылды. Туризм, денсаулық сақтау, ботаника, вермиқоспаларды өндіру секілді бағыттарда қолға алынған жобалар әлеуметтік эффект береді деген жоспар бар.
Ануарбек Сұлтанғазин өз сөзінде ғылыми жоспарлар бойынша бірнеше ұтымды істердің атқарылып жатқандығын атап өтті. «Коммерциализациялау жұмыстары негізінде еліміздің ғылыми даму үрдісі бүгінде едәуір дамыған. Осыған орай, білім ордаларының, әсіресе, халықаралық білім ордаларының осы бағытқа көңіл қойғаны қуантады. Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасының аясында іске асырылып жатқан жобалар ел ішінде ғана емес, шетелдік әріптестермен де байланыс ортауға мүмкіндік берді. Соның арқасында 23 жоба өндірістік жүйеден өтіп, қолданысқа енді. Біздің басты мақсатымыз- ғалымдардың еңбегін өндірістік тәжірибе арқылы нарыққа шығару»,- деп, университеттің жас ғалымдарына үлкен сенім білдірді.
Ұтымды жобалары бар ғалымдар ойларында жүрген бірнеше сұрақтарына жауап алды.

/* --- Frontend STM Importer --- */