Халықаралық ғылыми-практикалық конференция бастау алды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заманауи медицина: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Екі күндік шараның алғашқы ашылуы салтанаты білім ордамыздың басшысы Болатбек Абдрасиловтың қатысуымен өтті. Ресей мен Өзбекстан елдерінен келген жас ғалымдарға университет ректоры екі тілде ресми ақпарат берді. Медицинаның өмірімізде алатын орны бөлек екенін жеткізді. Бүгінгі буынның ғылымға деген зейіні, әсіресе денсаулық сақтау саласына оң көзқараспен қарауы университет басшылығын қуантатынын айтты. Қонақтарға ерекше көңіл бөлуді талап етіп, студенттерге сәттілік тіледі.
Шараның модераторлық қызметін университетіміздің медицина факультетінің деканы Молдалиев Ықылас қолға алып, жүргізіп отырды. Конференция қонақтары қатарында Семей медицина университетінен 13 делегат, Асфендияров атындағы медицина университетінен 19 қатысушы бар. Одан өзге Астана, Қарағанды Алматы, Ақтөбе, Шымкент шаһарларынан да келген жас ғалымдар шараға қатысты.
Алғашқы баяндаманы өзіміздің білімгеріміз Махмудов Тимур бастап оқыды. Өзінің тақырыбын толығымен талдап, өзі ойлап тапқан құрылғымен таныстырды. Хирург маманына көмекші құралды алдағы уақытта дамыта түспек. Тимурдың жобасы бойынша қонақтар сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды. Үзіліс кезінде келген қонақтарға университет асханасынан түскі ас берілді.

/* --- Frontend STM Importer --- */