Академиктар ректор қабылдауында болды

Бүгін оқу ордамыздың ректоры Болатбек Абдрасиловтың қабылдауында қос бірдей академик болды. Олар ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, академик,профессор, «Ғылыми кардиохирургия және трансплантология орталығының» директоры Жошыбаев Сейтхан және ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов Жүсіпбек Ташірбайұлы. Кездесуде барысында 7-8 маусым айында Тараз қаласында өтетін «FAST TRACK» кардиохирургия атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жайы сөз болды. Аталған шараны Ғылыми кардиохирургия және трансплантология орталығы ұйымдастыруда. Онда, жүрек-қан тамырлары хирургтарын ассоциациясы шағын инвазиялық кардиохирургиялық мастер-класс өткізу жоспарланып отыр. Және де конференция аясында операцияға дейінгі, операцияда, операциядан кейінгі кезеңдерде және анестезия және реанимацияға қолдау көрсету мәселелері талқыланбақ. Алыс жақын шет елдері мамандарының қатысуымен өтетін конференцияда заманауи дәрілік заттардың, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялар мен медициналық бұйымдардың көрмесі өтеді деп жоспарлануда. Осы және өзге де медицина саласындағы маңызды мәселелер қаралған кездесуде ректор өзіндік алғысын білдіріп алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.

/* --- Frontend STM Importer --- */