Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62,
Сатып алудың атауы, сипаты және көлемі: Кентау институты оқу-ғимаратының 2-ші қабатына кафель төсеу жұмыстарын сатып алу.
«f» тармақшасының талаптары негізінде сатып алуға қатысу шарттары: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23 бабы «f» тармақшасының талаптары негізінде баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:
1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (құжаттары);
2. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғанын және баға ұсынысын жасауға құзіреттілігін растайтын құжаттары;
3. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік немесе жеке секторда шарт негізінде осы немесе осыған ұқсас жұмыстарды атқарғанын растайтын құжаттары.
4. Сатып алынатын жұмыстың бекітілген ақау актісі мен сметасы көшірмесін Ректорат ғимараты №203 кабинеттен ала-аласыздар.

Сатып алу әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23 бабы «f» тармақшасының талаптары негізінде.
Сатып алуды өткізу орны және уақыты:
1. Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстарын 2019 жылдың мамыр айының 24-жұлдызы күні сағат 10:00-ге дейінгі мерзімде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетке тапсыруға болады.
2. Баға ұсыныстарын арнайы конвертте тапсырылуы тиіс.