Түркі жастары бас қосты

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі жастарының салтанатты шеруі «Түркістан-түркі мәдениетінің бесігі» атты Түркі жастарының Халықаралық этноөнер фестивалінің және Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының II Форумының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның мақсаты өңірдің дамуы мен жастар саясатын дамыту барысында тәжірибе алмасу, облыстың туристік әлеуетін арттыруға қосымша серпін беру, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достық қарым-қатынасты дамыту.
Аталған форумға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан Республикасының өңірлерінен жас делегаттардан 200 белсенді жас қатысты. Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімінің орынбасары М.Отарбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің I вице-президенті Ж.Томар,Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Качаман, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы М.Қожахмет, Түркі Кеңесінің Бірінші Бас хатшысы Х.Акинчин, TUGVA Түркия Республиасы Жастар қорының президенті Э.Эминоглу, Ислам ынтымақтастығы Жастар форумының президенті Т.Айхан қатысты.
Форум аясында Түркі жастарының салтанатты шеруі, «Түркістанға оралу» атты түркі халықтары этно-өнер фестивалі сәтті жүзеге асты. Сонымен қатар Түркі халықтарының қолданбалы өнер көрмесі, жастардың кешкі еркін тақырыпта кездесулері, «Opentalks» форматындағы секциялық жұмыстарыда бірізділікте жүргізілді. Қатысушы делегаттардың Түркістан өңірінің тарихи және киелі орындарына экскурсиясы ұйымдастырылды. Осыған байланысты алдағы уақытта шараға қатысушы түркітілдес мемлекеттің жастары әлеуметтік желілерде «Түркістан- Түркі әлемінің орталығы» хеш тегімен вайндар түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланып, үздіктері бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.