Студенттеріміз ХІ республикалық пән олимпиадасына қатысты

18-20 сәуір күндері Қызылорда қаласында 5В011600 – География мамандығы бойынша білім алатын студенттер арасында ХІ республикалық пән олимпиадасы өтті.
Білім бәсекесіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 18 ЖОО қатысты. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атынан Жаратылыстану факультеті, Экология және химия кафедрасының 3-курс студенттері Набиоллин Дәулетхан, Мендибаев Абай және жетекшісі Абдрасилов Аблай қатысты. Олимпиада жалпы 3 кезеңнең тұрды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Набиоллин Дәулетхан жекелей есепте 2 – орын иеленді. Алдағы білім сайыстарында да студенттерімізге сәттілік тілейміз!