Білімгерлеріміз жүлделі оралды

2019 жылдың сәуір айының 18-19 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде 5В020500 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XI Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға Филология факультетінің студенттері Дариға Бақберген, Иванова Бибігүл, Игілік Жаннұр қатысып (Жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы) командалық есепте I орынды иеленді. Тілдік кешенді талдау мен әдеби талдау жасау, ғылыми жоба әзірлеп оны қорғау барысында студенттеріміз еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты командалардың қатарынан суырылып алға шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Студенттерге алда да шығармашылық табыстар тілейміз.