Ғылыми комитеттің кезекті мәжілісі өтті

22.04.2019 жылы Ғылыми комитеттің №6 мәжілісі өтті. Мәжіліске комитет төрағасы мен комитет мүшелері және ғылыми-зерттеу бағыттарының жетекшілері мен орындаушылары қатысты. Күн тәртібінде «Ясауи» ғылым орталығының басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Садықов 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебін берді. Өз есебінде «Ясауи» ғылым орталығының жұмысы жоспарға сәйкес орындалып жатқанын және орталықтың көптеген ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік жасап отырғандығын атап өтті. «Жас ғалымдар» кеңесінің төрағасы техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.Исаев кеңес жоспарына сай атқарылып жатқан жұмыстар мен жас ғалымдарға арналған жобаларға жіберілген ұсыныстары туралы айтты. Ғылыми Комитет мүшелеріне келіп түскен үш ғылыми монография талқылаудан өтіп, дауысқа салу нәтижесімен университет ғалымдары Г.Аширбеков, А.Мейірбековтың монографиялары баспаға ұсынылды.
Вице-президент К.Беркимбаев ғылым бағытында болып жатқан маңызды өзгерістер жайлы және университетімізде меморандум негізінде жасалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы да айтып өтті. Меморандум мерзіміне сәйкес атқарылған жұмыстардың есебі де өз кезегінде тыңдалатындығын айтты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі