Университетімізде елші қонақта болды

Бүгін университетімізге Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич келді. Ондағы мақсат соңғы білім-ғылым саласындағы жаңалықтармен таныстыра отырып, өзара ынтымақтастық орнату. Саясаткер, профессор, Вармян-Мажарский университетінің тарих ғылымдарының докторы, ақын, Польшадағы жалғыз поэзиялық авторлық жинақтың авторы ғылым-білім саласында өзінің ойымен бөлісті.
«Бүгінгі таңда Қазақстан өте қызықты кезеңдерді бастан өткеріп отыр, мен дипломат ретінде емес, латын тіліне көшу — өркениет революциясы», — деді елші. «Бұл дереу көрінбейді, бірақ он бес жылда ауқымды бағалауға болады. Түркияға қарасаңыз, араб әліпбиінен латын тіліне ауысты. Қазір біз түріктердің еуропалық жұмыс ұйымдастыру, басқару жүйесін ауыстырғанын көріп отырмыз, сол сияқты қазақ жеріндеде осындай өзгерістер орын алады деп сенім білдірді елші. Елшінің айтуынша, Польшада да оқу орындары қазақ тілінде сабақ өтетіндігін айтты.
Жиын барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов өзінің бірқатар ұсыныстарын айтты. Алдағы уақытта телекөпір арқылы байланыс жасап, студенттерге лекция өткізу, Польша жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын тек студенттер ғана емес, сонымен қатар оқытушыларымыздың да білімдерін жетілдіру сияқты дүниелермен тығыз байланыста жұмыс жасасақ дегенді алға тартты.
Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */