Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру институтында Қарағанды облысы Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының қатысуымен бітіруші түлектер арасында жол картасы бойынша жұмысқа орналастыру мақсатында алдын ала үгіт нәсихат ретінде «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Абай қалаларымен Шахтинск, Бұқар жырау, Шет, Қаражал, Жайрем, Ұлытау, Жаңарқа аудандарынан жұмыс берушілер келді.
Биылғы 2018-2019 оқу жылында бітіргелі отырған түлектер туралы қысқаша мәлімет. Жалпы бітіруші түлектердің саны: 474 дәрігер интерн және 49 резидент дәрігер.
Нақтырақ айтқанда:
I Жалпы медицина 5+2 оқу бағдарламасы бойынша:
— Хирургия мамандығы бойынша – 52 дәрігер интерн
— Терапия мамандығы бойынша – 58 дәрігер интерн
— Жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша – 177 дәрігер интерн
— Акушерия-гинекология мамандығы бойынша – 32 дәрігер интерн
— Педиатрия мамандығы бойынша – 45 дәрігер интерн
II Стоматология 5+1 оқу бағдарламасы бойынша:
— Стоматология мамандығы бойынша – 110 дәрігер интерн
III Резидентура мамандықтары бойынша:
— Невропатология, о.і. балалар невропатологиясы – 26 резидент дәрігер
— Педиатрия – 15 резидент дәрігер
— Акушерлік және гинекология о.і. балалар — 8 резидент дәрігер
Жәрмеңке нәтижесі бойынша, барлығы 68 бітіруші түлектер жоғарыдағы көрсетілген Денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелді.

Ақпарат орталығы

/* --- Frontend STM Importer --- */