Үш күндік маңызды шара ГАЛА — концертпен қорытындыланды

Университетіміздің Мәдениет сарайында «Түркістан- Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының IV Бас ассамблеясы, Түркі кеңесі жас көшбасшыларының II Форумы және Түркі халықтары этно-өнер фестивалінің ГАЛА-концерті өтті.
Сан ғасырлар бойы атадан балаға, ұстаздан шәкіртке жеткен асыл мұраны насихаттаушы дәстүрлі музыка өнері киелі Түркістан аспанында екі күн бойы қалықтады. Фестивальдің басты мақсаты- түркі музыкасының әр алуандығы мен қазіргі заманғы түркі этномузыкасындағы жақындықты көрсетуге, сонымен қатар, түркі халықтарының алуан түрлі жанрдағы музыкалық мұрасын бүгінгі жеткізушілер арқылы ұлықтау болып табылады. Шара барысында сөзді алғаш бастаған Өкілеттік кеңес төрағасы Муса Йылдыз барша ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов Түркі елдерінен келген қонақтарға, сахнада өнер көрсеткен өнерпаздарға алғысын білдірді. Алдағы уақытта мұндай Халықаралық фестивальдар көптеп болатынын жеткізді.
Оқу ордамыздың «Атамекен» Ұлт аспаптар Фольклорлық ансамблі дәстүрлі әндерден попури орындады. Осылайша жиынға келген келген ректорлар, дипломаттар,ғалымдар, студент жастар керемет кештің куәсі болды. Университетіміздің дарынды сегіз қырлы бір сырлы жастары әр елдің ұлттық билерін билеп, әндерінен шашу шашты. ГАЛА-концерт көңілді әндермен студенттердің жаққан жарық шамдарының тербелуімен аяқталды.