Құрметті университет оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлер назарына!

2019-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша Университет тарапынан гранттық қаржыландыру конкурсы өткізілетінін хабарлаймыз.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша және конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер 20.05.2019 ж. – 10.06.2019 ж. аралығында сағат 9.30. – 17.00. дейін Ғылыми жобалық зерттеулер секторында қабылданады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.

Қосымша хабар алу үшін тел 8(725233) 6-36-36; (19-74)

Бас ғимарат 401 каб.