Өнерпаздарымыз өнерімен тәнті етті

Мамыр айының 17-18 жұлдызында Тараз қаласындаМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Студенттік көктем» атты аймақтық байқау-фестивалінен өнерпаз студенттеріміз I орынды иеленіп, олжалы оралды.
Байқауға Оңтүстік өңіріндегі 9 ЖОО-дың студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шығармашылығына қолдау көрсетіп,аймақ деңгейінде шығармашылық бәсеке және байқау кеңістігін құру.
Аталған байқауда өнерпаздар 4 кезең бойынша сынға түсіп, өз бақтарын сынады. Алғашқы кезеңде «Эстрадалық вокал» сыны бойынша Инженерия факультетінің 1-курс студенті Мырзағали Ұлжан II дәрежелі дипломмен арнайы марапатталды. 2- кезеңде «Халық хареографиясы» бойынша оқу ордамыздың «Би-Сұлтан» би ансамблі I дәрежелі лауреат атанды. Мың бұрала өнер көрсеткен биші қыздарымыз «Дала рухы» және
«Аққу» билерін билеп,баршаны таңдай қақтырды. Сондай-ақ байқауда биші қыздарға жетекшілік көрсеткен университетіміздің мұғалімдерінің еңбектері де еленіп, Шораева Раушан, Орынбай Айболат, Тәуекелова Гүлназия үздік жетекші дипломдарымен марапатталды.