Оқу орда түлегі қонақта болды

Оқу ордамыздың түлегі, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов университетімізде қонақта болды. Алтай Сейдірұлын арнайы күтіп алған ректор университеттің бүгінгі тынысымен таныстырды. Білім нәрімен сусындаған қасиетті өңірдегі білім ордасына арнайы ат басын бұрған түлек, өз таңданысын жеткізді. Оқимын деген әрбір студентке барлық жағдайдың жасалғандығын да жасырмады. Оқып жүрген тұстағы естелік әңгімелерден сыр шертіп, алдағы уақытта өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындығын айтты.