Облыстық семинар-тренинг өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен оқу орнымыздың кітапханасында «Қызым үйде» тақырыбында ата-аналарға арналған облыстық семинар-тренинг өтті. Тренингте қыз баланың киім үлгісінен бастап, тәрбиесі,отбасындағы және қоғамдағы рөлі,ата-анасымен байланысы ,денсаулығы сынды мәселелер сөз болды.Қазіргі қоғамдағы қыз баласының тәрбиесі туралы талдап көрсеткен тренинг спикері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Атемова Қалипа Тұрсынқызы болатын.Аталған тренинг 2 бөлімнен тұрды:
1) Қыз тәрбиесіндегі отбасының рөлі;Қыз тәрбиесін қалыптастыруда ықпал етуші факторлар;
2) Қыз тәрбиесінің табиғаты. Қыздарға тән табиғат заңдылықтары мен олардың денсаулығына әсері;
Өз сөзіне, осындай өзекті тақырыпты арқау еткен Қалипа Тұрсынқызы қыз баланың жаратылысы мен оның табиғаты тұрғысында, білген түйгенімен бөлісті.Сонымен қатар, тренингке қатысушы қауыммен де тығыз байланыс орнатып , сұрақ — жауап алаңын құрды. Қатысушылардың басым көпшілігі, мектеп директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтар болды.Көкейінде жүрген сауалдарына, жауап тапқан қатысушылар, Қалипа Тұрсынқызына алғыс білдіріп тарқасты.