«Түркістан-түркі әлемінің бесігі» Халықаралық Конференция

Түркістан облысы әкімдігі және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Түркістан-түркі әлемінің бесігі» тақырыбындағы Халықаралық конференциясы өтті. Мәдениет орталығының үлкен залында өткізілген бұл конференцияның мақсаты-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Түркі тілдес әлемнің рухани астанасы-Түркістан қаласы тарихының, фольклорының, мәдениетінің халықаралық өркениеттегі маңыздылығын айқындау, тәжірибе алмасу және пікірлермен бөлісу болып табылады. Конференция «Түркістан-түркі әлемінің бесігі» бейнеролигін көрсетумен бастау алды. Пленарлық мәжілісте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов модераторлық етті. Алғаш құттықтау сөзді Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы сөйледі. Университетіміздің I вице президенті Женгиз Томар «Ұлы даланың жеті қыры: түркі мәдениетін дамытудың өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға Халықаралық Түркология академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, республикалық ведомствалық бағынысты ұйымдардың, облыст ардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының өкілдері, орта білімберу ұйымдарының педагогтері қатысты. Конференция шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен пленарлық мәжіліс және секциялық жұмыстармен жалғасын тапты.