Жүлдегер студенттер марапатталды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде маңызды шара өтті. Онда білім бәйгесінде оза шапқандар арнайы марапатталып құрметке бөленді. Оқу жылынан бергі кезеңдерде Республикалық, Халықаралық, облыстық деңгейлердегі олимпиадаларда оқу ордамыздың намысын қорғап, абыройын асқақтатқан білімгерлеріміз аз емес. Және де студенттерді түрлі сайыстар мен байқауларға дайындап жетекшілік еткен ұстаздар қауымы да сый-құрметтен кенде қалмады.
Оқу орда ректоры Болатбек Абдрасилов пен I вице президент Женгиз Томар оза шапқандарды арнайы университет атынан марапаттап қаржылай сый-сияпат көрсетті.
Аталған шара білім бәсекесінде бақтарын сынап жүргендерге ерекше қолдау болды. Және де қатарластарына үлгі.Жиында олар оқу орда басшылығына өз алғыстарын білдірді.