Студентіміз үздік ғылыми жұмыс жеңімпазы

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының ұйымдастыруымен жыл сайынғы өткізілетін «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылым салалары бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық конкурсы биылғы жылы он бірінші рет өткізілді. Жыл сайын бұл ғылыми жобалар сайысы кеңейіп келеді. Ғылыми жобалар сайысының негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарында оқитын студент жастарды кәсіби дамуы жолында қолдау және Қазақстан ғылымының ары қарай дамуында жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Биылғы жылы бұл конкурсқа еліміздің 31 жоғары оқу орындарынан бакалавр студент және магистранттар қатысты. Осы конкурсқа ұсынылған 287 ғылыми жобаның ішінен 20- жоба жүлделілер қатарынан табылды. Нәтижесінде Оқу ордамыздың Гуманитарлық факультетінен Атаева Хилола студенттердің үздік ғылыми жұмысы республикалық конкурсының жеңімпазы атанып, дипломмен және медальмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Базарбаев Қанат.
Жеңімпаз студентімізді құттықтаймыз!