Кезекті сенат отырысы

Оқу ордамызда әдеттегідей кезекті сенат мәжілісі өтті. Жиын алдымен университетіміздің оқытушы-профессорларының мерейлі мерекесіне байланысты марапаттаумен басталды. Онда мерейтой иелеріне оқу орда атынан арнайы құттықтау білдіріліп, құрмет көрсетілді. Және де Шымкент жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтының травматология,ортапедия және онкология кафедрасының профессоры м.ғ.д Жошыбаев Сейітхан Жошыбайұлына университеттің құрметті профессоры академиялық атағы берілді.
Күн тәртібінде негізінен екі мәселе қаралды. Олар, Ахмет Ясауи университетінің Ұлттық және әлемдік рейтингтердегі орны туралы және де Мемлекеттік басқару және экономика Жоғары мектебінің есебі.
Алғашқы мәселе бойынша Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығының басшысы Ж.Дәрібаев баяндады. Онда Ұлттық әлемдік рейтингтегі орны және Жол картасы негізінде жасаланып жатқан дүниелер жайы айтылды. Сонымен қатар сырттан келетін мықты мамандардың үлес салмағын 17% дейін көтеру жоспарлануда екендігін жеткізді. Әзірге ол көрсеткіш 3,8%.
Ал екінші мәселе бойынша Жоғары мектеп директоры А.Құралбаев баяндады. Ашылғанына көп болмаса да Жоғары мектеп біраз тындырымды тірліктер тындырған. Ол халықаралық деңгейдегі конференциялар мен форумдар болса, өзге елдердегі форумдарда арнайы баяндама жасаған оқытушылар. Алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейді көрсету үшін аталған мектеп бірқатар мекемелермен келісімшарт түзіп бірлестікте жұмыс жасауда.
Осы және өзге де маңызды мәселелер қаралған жиында әртүрлі сұрақтар негізінде пікірлер айтылды. Тиісінше жауаптар да берілді. Және де сенат мүшелеріне өзгеріс енгізілді. Себебі келісімшарт негізінде жұмыс уақыты аяқталған түркиялық оқытушылар сенат мүшелігіндегі  оқытушылар болған. Сенат жиынында қаралған мәселелер осылайша қолдау тауып бірауыздан бекітілді.