Студентіміз жүлделілер қатарында

2019 жылғы 4 маусымда Орталық сайлау комиссиясы Сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ұлттық викторинаның екінші кезеңін өткізді.
Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастырушылық қолдауымен а.ж. 24 мамырында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың инфокоммуникациялық алаңында өткен Ұлттық викторинаның бірінші кезеңі шеңберінде 30 жоғары оқу орнының 170 студентінен 13 студент сайлау заңнамасы бойынша жоғары білім деңгейін көрсетіп екінші турға өтті.
Ұлттық қазылар алқасы пікірталас өткізу дағдыларын бағалау негізінде 10 үміткерден бір жеңімпаз бен екі жүлдегерді айқындады.
Бірінші орын – Есеналин Роман Денисович, Қазақ-Орыс халықаралық университеті (Ақтөбе қ.)
Екінші орын – Букенов Руслан, Каспий қоғамдық университеті (Алматы қ.)
Үшінші орын – Серікқалиева Гүлназ Нұржанқызы, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Серікқалиева Гүлназ Нұржанқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Құқықтану кафедрасы 5В030100- Құқықтану мамандығының үздік дипломға үміткер бітіруші курс студенті.