Жемқорлыққа орын жоқ

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрғасы Алик Шпекбаев келді. Іс-сапар барысында оқу ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысып, оқытушы мамандармен студенттермен пікір алмасты. Ғылыми кітапханадан бастау алған кездесуде, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Балғабай Исақұлұлы университетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіндегі бірқатар жұмыстарымен таныстырды.
Университет президенті Болатбек Абдрасилов оқу ордамыздың жетістіктерін, студенттерге берілетін мүмкіндіктің мол екендігін айта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі шаралар қолданып жатқанын жеткізді. Алик Жатқамбайұлының айтуы бойынша, Халықаралық университетте сыбайлас жемқорлық болмауы тиіс. Сол үшін де түрлі іс-шараларды көптеп өткізіп, еркін пікір-алмасуды ұйымдастырып отыру қажет. Келген қонақтар Мәдениет орталығындағы музейді тамашалап, белсенді студенттердің сұрағына жауаптар берді.