Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Президенттік сайлауда белсенділік танытуда

Бүгін-9 маусым елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында №133 сайлау учаскесі де, өз жұмысын бастап кетті. Бұл дауыс беру орынында да өзге учаскелердегі сынды таңдау жасау уақыты таңғы сағат 7-де басталды. Алдымен бақылаушылар мен сайлау комиссиясының өкілдері алдында бюллетеньдер ашылып тиісті орындарға қойылды. Одан кейін аға буын ақ батасымен тілектерін жаудырып дауыс беруді бастады. Демократиялық сайлауда университет президенті Болатбек Абдрасилов өз дауысын беріп, сайлаудың еліміз үшін маңызды шешім болатынын айтты. Бүгінгі маңызды саяси науқанда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев №133 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. №133 сайлау учаскесінде таңғы сағат жетіден бастап белсенді түрде дауыс беру басталды. Айтып өтейік бұл сайлау учаскесінде дауыс беруге құқы бар 2376 сайлаушы тіркелген. Оның 711-і университеттің жатақханасында тұратын студенттер болса қалғаны оқытушы құраммен осы маңға жақын жерде тұратын тұрғындар. Арасында алғаш рет дауыс беретін жастар басым. Тұрғындардың дұрыс таңдау жасап, дауыс беруі үшін барлық жағдай қарастырылған. Ал сайлаудың әділ, әрі ашық өтуін сайлау комиссиясының мүшелері мен шетелдік байқаушылар қадағалап отыр. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Сайлауға алғаш рет қатысып, алғашқылардың бірі болып дауыс берген студенттер арнайы сыйлыққа ие болды. Осылайша, әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асыруда.