Университет белсенділері марапатталды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында оқу орда белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. 2018-2019 оқу жылында Университеттің іс-шараларына, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысқан қызметкерлер мен студенттер ректордың арнайы алғыс хатымен марапатталды. Бойдағы қабілеті мен білімін ұштастырып, даралана білген студенттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі, вице-президент Әміреқұл Абуов пен вице-президент Пусат Пилтен университет басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы оқу жылында да осылай белсенді болуға шақырды. Облысымыздың және еліміздің саяси-қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 300-ден астам студент жас марапатталды. Және де «Түркістан-түркі әлемінің бесігі» атты этно-өнер фестивалінде ерекше көзге түсіп, үлкен ыждағаттылықпен барлық шараларына атсалысқан өнерпаздарымыз бен оқу озаттарымыз да алғыстан құр қалмады. Сонымен қатар студенттік клубтардың жетекшілері де дараланып үлкен құрметке бөленді. Белсенді студенттерге жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп жүрген бірқатар декан орынбасарлары мен оқытушылар да басшылықтан алғыс алды.
Шара университет өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты. Талантты білімгерлер әннен шашу шашып, әзілге толы қойылымдар қойды.