60-Өкілетті Кеңес мәжілісі

Қожа Ахмет Ясауи университеті 60-Өкілетті Кеңес мәжілісі 15 маусым жұма күні Алматы қаласы Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия зерттеу институтында өткізілді. Мәжіліске түркиялық және қазақстандық Өкілетті Кеңес мүшелері қатысты.
Өкілетті Кеңес төрағасы Проф. Док. Муса Йылдыздың басқаруымен өткен 60- Өкілетті Кеңес мәжілісіне; Өкілетті Кеңес мүшелері Док. Сердар Чам, Проф. Док. Мухиттин Шимшек, Проф. Док. Мурат Журинов, Хусейн Каракум, Док. Лаззат Актаева, Мейрамгүл Қоянбаева, ректор Проф. Док. Болатбек Абдрасилов пен вице-президент Проф. Док. Женгиз Томар, Өкілетті Кеңестің жалпы хатшысы Ахмет Шевки Зенгин және басқа да әкімшілік қызметкерлер қатысты.
Өкілетті Кеңес төрағасы Проф. Док. Муса Йылдыз 60-Өкілетті Кеңес мәжілісін Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан жасалған жұмыстар жайлы кеңінен мәлімет беру баяндамасымен бастады.
Өкілетті Кеңес төрағасы Проф. Док. Муса Йылдыз баяндаманың соңынан Өкілетті Кеңес мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады.
Өкілетті Кеңестің 58- Мәжілісіндегі бірқатар маңызды мәселелермен қатар; 2019-2020 оқу жылы студент контингенттері мен квота бөлуге қатысты ұсыныстар қаралды. Университет ғимаратында құрылуы жоспарланған қорға қатысты ректорат тарапынан дайындалған жоба талқыланды. Университеттің Технологияларды коммерциализациялау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында университет ғимаратында ЖШС ашуға қатысты ректор ұсынысы қаралды және шешім қабылданды.
60- Өкілетті Кеңес мәжілісі күн тәртібі мәселелері қаралғаннан кейін тілектер мен ұсыныстар айтылды.