Халықаралық түрік тіліндегі тарихи мәтін зерттеулері симпозиумы Қазақстанда өтті

2019 жылдың 13-14 маусым күндері Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия зерттеу институты тарапынан Халықаралық түрік тіліндегі тарихи мәтін зерттеулері симпозиумы өткізілді. Симпозиумға «Ғылым ордасы» орталық ғылыми кітапханасы, Қазақстан Ұлттық кітапханасы, Әл-Фараби қазақ ұлттық университеті және Кыршехир Ахи Эвран университеті қолдау көрсетті.
Халықаралық симпозиум «Ғылым ордасы» орталық ғылыми кітапханасында «Қазақстанда түрік тілдеріндегі сирек кітаптар мен қол жазбалар» атты тақырыпта ұйымдастырылған көрмеден басталды. Қатысушыларға көне тарих жайында мәлімет беретін мұрағаттан табылған сирек кітаптар мен қол жазбалар ұсынылды.
Симпозиумның ашылу рәсіміне Түркия Республикасы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы проф.док. Муса Йылдыз, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес мүшесі Хусейн Каракум, вице-президент проф.док. Женгиз Томар, «Ғылым ордасы» орталық ғылыми кітапханасының директор орынбасары Нұрлан Сейдин және тағы басқа қонақтар қатысты.
Симпозиумның ашылуында сөз сөйлеген Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы проф.док. Муса Йылдыз: «Түркі тілдес халықтардың отаны Қазақстанда өткізіліп жатқан осынау игі шараны жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыратынымызға және екі елдің ғылыми тұрғыдан нығаюына ықпал етеміз деп сенеміз» деді.
Симпозиумға қатысушылар жиыннан соң Еуразия зерттеу институтына барды. Германия, АҚШ, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Грузия мемлекеттерінен симпозиумға келген түрколог ғалымдар осы күнге дейін рухани мұра ретінде жеткен қолжазбаларға қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.