Университет оқытушылары келесі оқу жылына дайындықты бастап жіберді

Университет оқытушылары келесі оқу жылына дайындықты бастап жіберді
Оқу ордамыздың 44 оқытушы-профессоры Қожа Аxмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында «ӨРЛЕУ» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының білік дағдыларымен танысып, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық теxнологиялар» атты біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру курсын жүргізген ӨРЛЕУ (ББЖ КБАРИ) жоғары мектебінің оқыту әдістемесі және xалықаралық білім беру бағдарламасы кафедрасының оқытушылары Қойлық Нұрғали мен Қуандық Альбина университеттің оқытушы-профессорлар құрамына жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, мазмұн мен пәндік құзіреттіліктерге бағытталған тапсырмалар орындау, кейс жасау мен оны шешуге қатысты жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынды. Сонымен қатар критериалды бағалау жүйесін, сабақ жоспарының түрлерін (қысқа мерзім, орта мерзімді, ұзақ мерзімді) меңгертуі курсқа қатысушы қызметкерлердің көңілінен шықты. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» — дейтін тәмсілін берік ұстанған университет қызметкерлері оқу жылының соңы деместен, келесі оқу жылына дайындықты бастап жіберді. Басқаларды үйрете жүріп, үйренуден жалықпаған оқытушы-профессорларымыздың ізгі істері игілікке айнала берсін!
Қазақ филология кафедрасы