ХҚТУ түлектері диплом алды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түлектерінің алғашқы легі диплом алуды бастап кетті. Университетіміздің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетов пен вице-президент Пусат Пилтен оқу орда басшылығы атынан құттықтауларды жеткізіп, алдағы өмір жолында сәттіліктер тіледі.
Биылғы Жастар жылында біздің университеттен 1975 түлек  жаңа өмірге жолдама алуда, оның ішінде -1213 бакалавр (103 үздік диплом), 230 магистр, 20 докторант, медицина бағыты бойынша 463 интернатура, 49-резентура бар.
Осы ретте үздік бітірушілер қатары жыл сайын өсу үстінде және түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші де жыл сайын артып отырғанын айта кетуіміз керек. Диплом алып, маман атанған түлектер студенттік күндерінің қызықты әрі есте қаларлықтай болып өтуі сіздердің арқаларыңыз деп, оқытушылар құрамына өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Диплом табыс ету рәсімі, өнерлі студенттерден құралған концертке ұласты. Алдағы уақытта бірқатар үздіктер мен Жалпы медицина және Стоматология факультетінің бітіруші түлектерін, университет ректоры табыстамақ.