Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.

Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20 бабы «ашық конкурс» талаптары негізінде университет аумағында жағадан салынатын 5-қабатты 500-орындық 3-дана жатақхана салуға (1-дана негізгі жоба, 2-дана түзету (корректировка)) жоба-сметалық құжаттарын жасату.

         Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (Анықтама уақыты хабарландыру жарияланғаннан кейін болуы тиіс);
  2. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғанын және баға ұсынысын жасауға құзіреттілігін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік немесе жеке секторда шарт негізінде осы немесе осыған ұқсас қызметтерді орындағаны жөнінде растайтын құжаттары;
  4. Жобалау сметалық құжаттарын жасауға және монтаждау жұмыстарын жүргізуге сертификаттар болуы талап етіледі.

Орындалатын қызметтердің техникалық сипаттамасы:

4.1.  Сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау;

4.2. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін жер теліміне инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарын жасау;

4.3.  Жоба-сметалық құжаттар дайындау;

4.4. Оң сараптама қорытындысын алу.

Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде,  Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.