Ақ халаттылар диплом алды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Медицина» және «Стоматология» факультеттерінің бітіруші түлектері диплом алды. Шараға Университет президенті Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы мен вице-президент Пусат Пилтен қатысып, жастарға ізгі ниеттерін білдірді.
Биыл «Жалпы медицина» факультетінен 284 студент бітіріп, оның 18-і «Үздік диплом иегері» атанған. Ал, «Стоматология» факультетін 102 түлек тәмәмдады. Қос факультеттің 34 топ басшысына ректор бітіру құжаттарын табыстады. Содан соң бітіруші түлектер атынан Жорабек Алтынбек пен Усманова Зарнигар сөз сөйлеп, университетімізге алғыстарын білдірді.
Шара соңы оқу ордамыздың өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, диплом алушылардың естелік суретке түсу рәсімімен тәмәмдалды.