«V Түркі әлемі жастарының жазғы оқу курсы» қортындыланды

«V Түркі әлемі жастарының жазғы оқу курсы» қортындыланды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «V Түркі әлемі жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы оқу курсына» қатысқан Түркі әлемі жастарына сертификат беру салттанатты түрде табысталды. Түркия, Қырғыстан, Өзбекстан сияқты түркі тілдес елдерден келген және де еліміздің әр өңірінен тіл үйренуге келген 72 студентті құттықтап, университетіміздің Рухани жаңғыру бағдарламасының жетекшісі, вице-президент Әміреқұл Абуов пен вице-президент Пусат Пилтен сертификат табыстап, V-Түркі әлемі жастарының жазғы оқу курсының сәтті аяқталуымен құттықтады. «Сіздердей ынтымағы жарасқан Түркі жұрағатының тату жастары – бауырластық көпірін нығайтуға атсалысып жүргеніне қуаныштымыз. Халықаралық статусы бар университетімізде түркі дүниесі студенттерінің білім алмасуы, достық қарым-қатынас орнатуы – туыс елдер арасында алтын көпір болатын игі іс. Алдағы уақытта, университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келіп тіл үйренуге және магистратура, докторантураға оқуға шақырамыз. Келешек түркі әлемі бірлігінің негізін салатын сіздердей жастары бар елдің мәртебесі мен мерейі әрқашан биік болмақ» — деп, ізгі тілектерін білдірді.