Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62,

Сатып алудың әдісі, сипаты, көлемі және орны: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23 бабы f-тармақшасының талаптарына сәйкес.

Сатып алудың сипаты, көлемі және орны: Университетке қарасты №1 ерлер, №2 қыздар, Тұран жанұялық жатақхана және №3 жатақхана алдарына асфальт жолдарын және тротуар салу жұмыстарын бекітілген ақау актімен сметаға сәйкес ҚҚС-соммасынсыз жалпы соммасы 2 862 130 теңгеге сатып алу.

Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (құжаттары);
  2. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғанын және баға ұсынысын жасауға құзіреттілігін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік немесе жеке секторда шарт негізінде осы немесе осыған ұқсас жұмыстарды атқарғанын растайтын құжаттары.
  4. Сатып алынатын жұмыстың бекітілген ақау актісі мен сметасы көшірмесін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинеттен алуға болады.

      Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде,  Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.