Түркиялық дәрігерлер Оқу ордамызда

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығының конференция залында «Тізе буыны хирургиясы» курсы өтті. Семинарға Оқу ордамыздың Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті Өмірбек Үмбетов пен Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент Пусат Пилтен сөз сөйлеп, мұндай семинар-тренингтердің берері мол деді. Түркістан Облысының бас травматологы Абдуғани Худайбергеновтың айтуынша, мұндай семинарлар біліктілікті арттырып қана қоймай, көмекке мұқтаж болып тұрған науқастарға тегін ота жасауға мүмкіндік берілетінін айтты.
ХҚТУ-нің медицина факультеті мен Мармара университеті(Стамбул/Түркия) ұйымдастырып отырған «тізе буынының (жарақаттары мен ортопедиялық ауруларының) хирургиясы курсы» травматолог-ортопедтер үшін біліктілігін жетілдіруге үлкен мүмкіндік.
Екі күнге созылатын курста тізі буыны хирургиясының негізі және соңғы ғылыми жетістіктерінің тәжірибеге енгізілген әдістері үйретіледі. Курсты Түркия елінен келген доцент, травматолог-дәрігер мамандар жүргізді. Олар: Фатих Кучукдурмаз,Эврим Ширин, Исмаил Түркмен, Өмер Софулу
Бұл курсқа Қызылорда, Шымкент, Ленгер сияқты алыс-жақын өңірлерден және де, Облыстық, қалалық және аудандық медициналық мекемелердің травматолог-ортопед дәрігерлері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Курста хирургиялық тәжірибені арттыру үшін тікелей интерактивті хирургиялық оталар іс жүзінде көрсетіледі. Осы орайда ұйымдастырылып отырған «Тізе буыны хирургиясы» курсы, жақында ғана орын алған Арыстағы апатты жағдайда зардап шеккен адамдарға көмек қолын созу мақсатында өткізіліп отыр деді,- ХҚТУ Клиника диагностикалық орталығының бас дәрігері Сандуғаш Абдуллақызы.