Министрдің бастамасымен ұйымдастырылған маңызды жиын өтті

29.07.2019ж. күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес мүшелері және басшыларымен кездесті. Министрдің бастамасымен ұйымдастырылған маңызды жиынға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, Өкілетті Кеңес (ӨК) төрағасы проф. док. М.Йылдыз, ӨК мүшесі проф. док. М.Шимшек,ӨК мүшесі ректорымыз проф.док. Б.Абдрасилов, ректор өкілі Ж.Томар және ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры А.Тойбаев қатысты.
Жиын барысында ҚР БҒМ басшылары Университетіміздің елеулі жетістіктерін атап өтіп, іргелі халықаралық дейгейдегі оқу ордасына айналдыру мақсатындағы жаңа бағыттарға тоқталып, өздерінің ой пікірлерімен бөлісті. Өкілетті Кеңес төрағасы М.Йылдыз және университет ректоры Б.Абдрасилов оқу орадымыздың тыныс-тіршілігін баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Кездесуде сонымен қатар, университеттің қаржыландыру көлемін екі ел тарапынан арттыру, білім беру бағдарламаларын Назарбаев Университетінің және әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің тәжирибесіне сүйене отырып жаңарту, халықаралық және ұлттық рейтингтерде ілгерілеу, жатақхана құрылысы, грант көлемін арттыру, инфрақұрылымды дамыту секілді маңызды мәселелер екі жақты талқыланды. Жиын соңында ҚР БҒМ басшылығы және Өкілетті Кеңес мүшелері Университеттің даму Стратегиясын жаңа бағыттармен толықтыру үшін министрлік және оқу ордамыздың қызметкерлерінен тұратын ортақ жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.