Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62,

Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23 бабы f-тармақшасының талаптары негізінде төмендегі көрсетілген тазалық заттарын сатып алу.

         Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (Анықтама уақыты хабарландыру жарияланғаннан кейін болуы тиіс);
  2. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғанын және баға ұсынысын жасауға құзіреттілігін растайтын құжаттары;
  3. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тауарларды өткізгенін растайтын құжаттары.
  4. Сатып алынатын тауарлардың сапа сәйкестігін растау үшін олардың үлгілері талап етіледі, тауар үлгісі тапсырыс берушімен келісілуі тиіс.
  5. Сатып алынатын тауарлардың санын, көлемін және техникалық сипаттамасын http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинеттен алуға болады.

Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде,  Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.

Құрылыс материалдары