Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.

Сатып алудың әдісі, сипаты, көлемі және орны: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23 бабы f-тармақшасының талаптарының негізінде.

Сатып алудың сипаты, көлемі және орны: Университетке қарасты №3 жатақхананың душ бөлмелеріне, 1-қабат дәлізінің еденіне, су, кәріз және вентиляция жүйелеріне жөндеу жұмыстарын сатып алу үшін бекітілген ақау актімен сметаға сәйкес жалпы соммасы 15 958 050 (он бес миллион тоғыз жүз елу сегіз мың елу теңге) теңгеге ҚҚС-соммасынсыз сатып алу.

Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы (құжаттары);
  2. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркеле отырып, жұмыс істеуге рұқсат алғанын және баға ұсынысын жасауға құзіреттілігін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік немесе жеке секторда шарт негізінде осы немесе осыған ұқсас жұмыстарды атқарғанын растайтын құжаттары;
  4. Әлеуетті өнім берушінің орындаған жұмыс көлемін растайтын жалпы табысы туралы анықтамасы немесе сатып алу нысаны болып табылатын жұмысты орындау саласындағы тәжірибесін растайтын құжпаттары;
  5. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тауарлар мен қызметтерді, жұмыстарды өткізгенін растайтын құжаттары;
  6. Өткізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың конкурстық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкестігін растайтын халықаралық ережелерге сай аккредиттелген сапаны тексеру ұйымдары тарапынан берілген сертификаттары талап етіледі.
  7. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы соммасының 3-пайызы (%) мөлшерінде мына есеп шотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
  8. Сатып алынатын жұмыстың бекітілген ақау актісі мен сметасы көшірмесін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинеттен алуға болады.

      Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде,  Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203 кабинетте қабылданады.