Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.

       Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23-бабы    f тармақшасы негізінде Университетке қарасты Мәдениет орталығы үлкен залының еден төсенішін ауыстыру үшін сметалық құжаттамаға сәйкес жалпы құны 12 824 382 теңге болатын, оның ішінде 1 374 041 теңге ҚҚС қоса есептегенде, жұмыстар бойынша сатып алу.

Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісім шартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші көрсетілген жұмыстарды 15 күнтізбелік күн ішінде орындауға тиісті.

        Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  2. Сатып алу нысаны болып табылатын жұмысты орындау саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  4. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тауарлар мен қызметтерді өткізгенін растайтын құжаттары;
  5. Әлеуетті өнім беруші сатып алынатын орындалатын жұмыстар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.
  6. Өткізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың конкурстық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкестігін растайтын халықаралық ережелерге сай аккредиттелген сапаны тексеру ұйымдары тарапынан берулген сертификаттары талап етіледі.
  7. Әлеуетті өнім беруші өткізетін құжаттарын нотариаттық рәсімдеу керек.

Сатып алынатын жұмыстың техникалық сипаттамасы мен келісім шарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинеттен алуға болады.

       Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинетте қабылданады.