Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты жолдауын жариялады. Ондағы негізгі бес басымдық I. Қазіргі тиімді мемлекет II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету III. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі V. Күшті аймақтар, күшті ел.
Соның ішінде IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінде білім сапасын жақсарту жайы айтылған. Онда ауыл жастарының ішінен дарынды балаларды іріктеп шетелдерге оқуға жіберуге, оқушылар мен студенттердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу қажеттілігі айтылған. Сонымен қатар щалғай ауылдарда жақсы педагогтардың аздығына байланысты «Дипломмен- ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту мен аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Осы және өзге де маңызды мәселелер баяндалған жолдауда, ұлттық қорды тиімді пайдалану, мұғалімдердің жалақысын келесі жылдан бастап көтеру, экономиканы дамыту, шағын және орта бизнеске күш салу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медицина қызметтерінің қолжетімділігін арттыру сынды дүниелер айтылып нақты міндеттер қойылды. Ендігі кезекте Жолдауда көрсетілген бағыт пен міндеттерді жүзеге асыру баршаға ортақ іс.