«Қазақтану» жобасы аясында республикалық лекторий өтті

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторий өтті. «Қазақтану» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында жасалған бастамаға сәйкес , Қазақстан этностары арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты-қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының және жалпыұлттық тарихи санасының негізінде халықтың бірлігін нығайту. Республикалық лекторийге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің мүшелері, Ғылыми-сарапшылық тобыы және кафедралары, құқыққорғау органдарының қызмтекерлері мен ҚХА Жастар қанаты және ҚХТУ студенттері қатысып ой-пікірлерін білдірді. Түркістан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғани Құрмашұлы мұндай басқосулардың маңыздылығын айта отырып, ұйымдастырушыларға, университет басшысы Болатбек Серікбайұлына алғыс білдірді. Үш күнге дейін жалғасатын Республикалық лекторийге, Университет президенті Болатбек Абдрасилов сәттлік тіледі. Мұндай тағылымы мол басқосуларға әрқашанда қолдау көрсетуге