Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру семинарлары өтуде

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті басшылығының бастамасымен 03.09-06.09.2019 аралығында профессор-оқытушылар құрамы үшін «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты семинары өз жұмысын бастады. Семинар Мемлекеттік басқару және экономика Жоғары мектебі, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Түркістан облыстық Прокуратурасы, Түркістан облыстық соты, Түркістан облысының Әділет департаменті және Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросы өкілдерімен бірігіп ұйымдастырылып отыр.
Шараның алғашқы күні Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Рахымбаев Әшірбек Шәріпұлы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының өкілі, аға прокурор Сеитов Арсланбек Бекайдарұлы, Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросынан Құдайбергенов Нұрлан Мұхитұлы, Әділет департаментінен Есентуреева Дамира Оналбаеваның оқытушы-профессорларға арналған лекциясымен бастуын алды.
Семинардың негізгі мақсаты кәсіби ерекшеліктерді ескере отырып, тұрақты және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға негізделген.