Елбасы Қоры «Жас ғалымдар кеңесі» конкурсын жариялады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарындары арасында дәстүрлі «Үздік жас ғалымдар кеңесі» атағына конкурс жариялады.
Конкурс Жас ғалымдар кеңестерінің (ЖҒК) қызметін дамытуға көмектеседі. Конкурстың мақсаты — жас ғалымдардың бастамаларын қолдау, сонымен қатар олардың ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу.
Тұңғыш Президент қоры жанындағы Ғылыми кеңес мүшелері және белсенді ғалымдардан тұратын конкурстық комиссия жеңімпазды келесі критерийлер негізінде анықтайды:
— Жас ғалымдар кеңесінің белсенділігі мен тиімділігі;
-ЖҒК іс-шараларының өзіндік ерекшелігі, маңыздылығы мен перспективасы.
Ең үздік ЖҒК дипломмен марапатталады және де кеңес қызметінін жетілдіру мен қолдау грантына ие болады.
Өтінім қабылдау мерзімі: 14 қазанға дейін.

Коммерциализациялау офисі