Хабарландыру

          Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.
          Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабына сәйкес және Шаруашылық қызметтер департаментінің 2019 жылғы 26 тамыздағы шығыс № 678 қызмет хатының негізінде Университет теңгеріміндегі ғимараттарға жылу және жылы су беру үшін 450 тн. жанар-жағар май сатып алу.
          Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші көрсетілген тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша жеткізіп тұрады, әлеуетті өнім берушімен келісімшарттың жарамдылық мерзімі 31.12.2019 жылға дейін. Келісімшарттың тауар көлемі бойынша тармағы тапсырыс берушінің өтініміне байланысты көбеюі немесе азаюы мүмкін.
          Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  • Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  • Сатып алу нысаны болып табылатын жұмысты орындау саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  • Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  • Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тауарлар мен қызметтерді өткізгенін растайтын құжаттары;
  • Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.
  • Әлеуетті өнім беруші өткізетін құжаттарын нотариаттық рәсімдеу керек.

Сатып алынатын тауардың техникалық сипаттамасы мен келісім шарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинеттен алуға болады.
Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:
Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинетте қабылданады.