Сүндетке отырғызу рәсімі өткізілді

Түркия Республикасы «ТIKA» фирмасының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі Эврем Рейтбул және университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыздың көмегімен сүндетке отырғызу бағдарламасы ұйымдастырылды. Клиниканың хирург дәрігерлері қайырымдылық іс-шарасы негізінде, емханада тіркелген және диспансерлік есепте тұрған, көп балалалы аналардың балаларына сүндетке отырғызу рәсімін жүргізген. Сүндеттеу рәсіміне 50 көп балалы отбасылардың балалары алынған болатын.
Шара барысында Өкілетті Кеңес төрағасы Мұса Иылдыз бен Өкілетті Кеңес мүшесі, профессор, доктор Мұхиттин Шимшек және Түркия Республикасы «ТIKA» фирмасының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі Эврем Рейтбул, оқу ордамыздың ректоры Болатбек Абдрасилов мұсылман болған бүлдіршіндерді құттықтап ақ жол тіледі. Сонымен қатар сүндеттеу рәсіміне қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Айта кететін жайт, сүндеттеу рәсімін клиниканың жоғары дәрежелі дәрігер, хирург мамандары Лесхан Әбдіжаппарұлы, Нұралы Ералыұлы, Вахид Рахмиддинович, Акмал Абдураимович, Нұрпейіс Құдайбергенұлы, реаниматолог Ерболат Жақыпұлы жаңа заманауи коагуляторларды пайдалана отырып өткізген.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.